Сіздің қалаңыз:
Namaz saıty - QMDB
  • Tań
  • Kún
  • Besіn
  • Ekіntі
  • Aqsham
  • Quptan

Дәретті бұзбайтын нәрселер

22.05.2017 12694 0 пікір
Дәретті бұзбайтын нәрселер
  1. Адамның денесінің кез-келген жерінен шыққан қан, сары судың жайылмай шыққан орнында тұруы.
  2. Аузы толмай шыққан құсық.
  3. Қатқан қанның қанамай үгіліп түсуі
  4. Түкірік немесе сіңбірікке аз қан араласуы.
  5. Ауыз тола қақырық тастау.
  6. Мұрын, құлақ, болмаса бір жарадан дене құртының түсуі.
  7. Тістелген жемісте не щеткада көрінген аққандығы білінбеген қан ізі.
  8. Кене, маса, сүліктің, т.б. тойғанша сорған қаны. Бірақ сүліктің сорып болғаннан кейін жалғаса аққан қан дәретті бұзады.
  9. Жақсылап мығым отыру немесе намазда аяқта, рүкүғте, сәждеде ұйықтау.
  10. Намаздан тыс немесе жаназа намазында тұрып яки болмаса тиләуәт сәждесінде дауыстап күлу.
  11. Жылау дәретті бұзбайды.
  12. Дауыссыз жай ғана жымию намазды да, дәретті де бұзбайды.