Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

Намаздың парыз болу шарттары

03.04.2017 8456 0 пікір

Намаздың парыз болу шарттары

 1.     Мұсылман болу.

Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Мұсылман еместерге намаз – парыз емес.

 2.     Балиғат жасына жету.

Балиғат жасына жетпеген балаға намаз парыз емес. Өйткені, Алла Елшісі былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Айыққанға дейін ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға және балиғат жасына жетпеген балаға»[1].

3.     Ақыл-есі дұрыс болу.

Ақыл – ислами жауапкерліктің негізі. Сондықтан ақылынан адасқанға намаз – парыз емес.



[1] Бухари, Талақ, 11; Тирмизи, Худуд, 1.