Сіздің қалаңыз:
Қаз Рус Qaz قاز
Намаз сайты - ҚМДБ
  • 07:25 Таң
  • 09:02 Күн
  • 13:12 Бесін
  • 15:26 Екінті
  • 17:12 Ақшам
  • 18:49 Құптан

НАМАЗ УАҚЫТТАРЫН ЕСЕПТЕУГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Құрметті қолданушы бұл бетте сіз өзіңіздің тұрғылықты жеріңіздің немесе әлемнің кезкелген елді мекенінің намаз уақытын біле аласыз. Намаз уақытының баптаулары 3 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім: нұсқаулық, намаз уақытын есептеу методы, екінті намазын есептеу, уақыттарды қолмен түзету бөліктерінен тұрады.
  1. Намаз уақытын есептеу методы. Намаз уақытын есептеуде әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қазақстандықтар үшін Қазақстанның географиялық ерекшеліктерін ескеретін арнайы әдісімізді іске қостық. Қазақстан елді мекендеріндегі намаз уақыттарын көрсету үшін есептеу методында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын (ҚМДБ) таңдаңыз.

Өзге елдердің қолданушылары үшін әлемдік 4 ұйымның әдісін енгіздік. Егерде Қазақстаннан басқа елде тұрсаңыз немесе уақытша жүрсеңіз сол елдің діни басқармасы өкілдерінен намаз уақытын есептеуде қай ұйымның әдісін қолданатындығын сұрап біліп, есептеу методы деген жерден сол ұйымды таңдаңыз.  

  1. Екінті намазын есептеу. Қазақстан мұсылмандарының ұстанатын шариғит мектебі Ханафи мәзһабы болғандықтан ҚМДБ әдісін таңдаған қазақстандық қолданушылар үшін автоматты түрде екінті намазын ханафи әдісі арқылы шығарып береді.

Шафиғи, мәлики және ханбали мәзһабын ұстанушылар үшін намаз уақытын есептеу методында өзге ұйымдарды таңдау арқылы екінті намазын есептеу әдісін де өзгерту мүмкіндігі бар.

  1. Уақыттарды қолмен түзету. Қолданушылардың ыңғайы үшін намаз уақыттарын түзету функциясымен жабдықталған. Бұл арқылы сіз күннің қимылын бақылай отырып өзіңіздің дербес намаз уақытыңызды түзіп алуыңызға болады.
Екінші бөлім: қаланы таңдау, координаттарды енгізу арқылы таңдау және картадан таңдау бөліктерінен тұрады.
  1. Қаланы іздеу. Мұнда сіз атауын жазу арқылы өзіңізге қажетті елді мекенді таңдай аласыз.
  2. Координаттарды енгізу арқылы табу. Атауы арқылы таба алмаған елді мекеннің координаттарын енгізу арқылы таңдай аласыз.
  3. Картадан таңдау. Қажетті елді мекенді картадан таңдай аласыз.
Үшінші бөлімде таңдаған әдістер мен елді мекен бойынша намаз уақытының кестесін көре аласыз.

 

loading