Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

На­маз­дың пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

23.05.2017 2575 0 комментарии

На­маз - Аллаһ пен құл ара­сын­да­ғы байла­ныс не­гі­зі. Бес уа­қыт на­маз­ды ор­ны­мен оқып, үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ның кі­ші кү­нә­ла­ры ке­ші­рі­ле­ті­ні жайлы аят­тар мен ха­дис­тер бар. Құ­ран­да бы­лай дейді: «(Ей, Мұ­хам­мед!) Са­ған уахи етіл­ген кі­тап­ты оқып, на­маз­ды орын­да. Кү­дік­сіз на­маз ар­сыз­дық пен жа­ман­дық­тан тыяды»[1].

Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) са­ха­ба­лар­ға: «Сен­дер­дің ара­ла­рың­нан бір адам­ның есі­гі­нің ал­дын­да өзен ағып, ол сол өзен­ге кү­ні­не бес рет шо­мыл­са, ол адам­да кір қа­ла­ ма?» - деп сұ­ра­ған­да, са­ха­ба­лар: «Жоқ қал­майды», - деп жауап қайыра­ды. Сон­да Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.): «Су­дың кір­ді та­за­лайты­нын­дай бес уа­қыт на­маз да кү­нә­лар­ды та­за­лайды»[2].

Бас­қа бір ха­дис­те бы­лай дейді: «Бес уа­қыт на­ма­з бен жұ­ма на­ма­зы үл­кен кү­нә жа­са­ма­ған адам­ды ке­ле­сі жұ­ма­ға дейін­гі жа­са­ған кү­нә­ла­ры­нан арыл­та­ды»[3].

Ақы­рет­те адам ба­ла­сы есеп­ке тар­тыл­ған­да, ең ал­ды­мен на­маз сұ­ра­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Адам­дар­дың қия­мет кү­нін­де ал­ғаш есеп­ке тар­ты­ла­тын ама­лы мен іс-әре­ке­ті - на­маз». Ұлы Раб­бы­мыз ха­бар­дар бо­ла тұ­ра пе­ріш­те­ле­рі­не бы­лай дейді: «Құ­лым­ның па­рыз на­ма­зы­на қа­раң­дар. Оны то­лық орын­да­п па, ке­міс­ті­гі бар ма»? Егер оның па­рыз на­маз­да­ры то­лық бол­са, на­маз сауабы то­лық­тай жа­зы­ла­ды. Егер па­рыз на­маз­да­рын­да нұқ­сан­дық бол­са, Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді: «Құ­лым нә­піл (сүн­нет) на­маз­да­рын то­лық оқы­ған ба екен?» Егер ол сүн­нет на­маз­да­рын то­лық оқы­ған бол­са, Аллаһ Та­ға­ла «Құ­лым­ның нұқ­сан па­рыз на­маз­да­рын нә­піл­дер­мен тол­ты­рың­дар», - дейді. Одан кейін па­рыз бол­ған бас­қа амал­дар да осы­лайша есеп­ке тар­ты­ла­ды»[4].

Иә, адам­ды ең көр­кем түр­де жа­ра­тып, жер­ді бе­сік, көк­ті ша­ңы­рақ, күн­ді шы­рақ етіп игі­лі­гі­не ұсын­ған Ұлы Жа­ра­ту­шы адам­ға бер­ген мұн­ша­лық ырыс-бе­ре­ке­ті­нің қа­ры­мы­на шү­кір ету­ле­рін қа­лайды. На­маз - күл­лі шү­кір­ді қам­ты­ған ғи­ба­дат. Мы­на кө­рін­ген жә­не кө­рін­бе­ген шек­сіз әлем қа­ңы­ра­ған са­рай емес. Ке­рі­сін­ше, он­да Аллаһ Та­ға­ла­ға ғи­ба­дат ет­кен сан­сыз пе­ріш­те­лер бар. Кей­бір пе­ріш­те­лер жа­рал­ға­лы сәж­де­де. Ен­ді бі­рі жа­рал­ға­лы рү­күғ­та тұ­рып, Аллаһ Та­ға­ла­ны пәк­теуде. Ен­ді бі­рі түрегеп тұ­рып, Аллаһ Та­ға­ла­ны нұқ­сан­дық пен шірк атаулы­дан пәк­теп, ғи­ба­дат ету­де. Мі­не, на­маз­да осы пе­ріш­те­лер­де­гі ғи­ба­дат тү­рі­нің бә­рі бар. Сол се­беп­ті, әлем тұтастай Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат­та. Мы­са­лы, алып бәйте­рек­тер кі­ші­лі­гін паш етіп, қол­да­рын жер­ге жай­ған сүм­бі тал­дар са­мал жел­мен тер­бе­ле қоз­ға­лып, Жа­ра­ту­шы­ға ғи­ба­дат жа­сайды. Пла­не­та мен ас­пан де­не­ле­рі бір-бі­рін бейне бір Қағ­ба тә­різ­ді айна­лып, күл­лі әлем Ұлы Жа­ра­ту­шы­ны пәк­теп, өз тіл­де­рі жә­не іс-әре­кет­те­рі­мен ғи­ба­дат үс­тін­де. Мі­не, осы­ның бә­рі на­маз­да бар.

Әрі на­маз­да адам­ға па­рыз, сүн­нет ғи­ба­дат тү­рі­нің бә­рі бар. Бір мұ­сыл­ман на­маз­ға тұр­ған­да «Аллаһу әк­бар» деп бас­тайды. Яғ­ни, я, Ұлы Жа­ра­ту­шым! Мы­на әлем­ді сен жа­рат­тың. Ме­ні де сен жа­рат­тың. Мен се­нің құ­лың­мың. Сен Ұлы­сың. Одан кейін Аллаһ­ты пәк­теп, ма­дақ­та­ған дұ­ға оқы­ла­ды. Яғ­ни, ей, Ұлы Ием! Се­нің еш­қан­дай ор­та­ғың да, се­рі­гің де жоқ. Сен нұқ­сан­дық атаулы­дан мүл­дем ада­сың, пәк­сің. Осы­лайша мұ­сыл­ман әрі қа­рай қы­ра­ғат­қа бас­тар­да бар­лық қуыл­ған шай­тан­нан жә­не олар­дың жа­ман­дық пен ке­се­пат­тық іс-әре­кет­те­рі­нен Аллаһ Та­ға­ла­ға сиына­ды. Бұл жер­де әл­сіз­ді­гін се­зі­ніп, Ұлы бі­реуді па­на­лау бар. Бұ­дан кейін қы­ра­ғат оқи­ды. Яғ­ни, на­маз­да Құ­ран оқу да бар. Әрі на­маз­да ора­за да бар. Өйтке­ні, адам на­маз­да бір нәр­се же­се, на­ма­зы бұ­зы­ла­ды. На­маз­да зе­кет те бар. Бү­кіл бес уа­қыт на­маз адам­ның ша­ма­мен жиыр­ма төрт са­ға­ты­ның бір са­ға­тын ала­ды. Адам өзі­нің күн­дік өмі­рі­нің бір са­ға­тын зе­кет етіп, Аллаһ Та­ға­ла жо­лы­на бе­ре­ді. Оның қа­ры­мы ре­тін­де ақы­рет­те Аллаһ Та­ға­ла жән­нат­ты бер­мек. Жән­нат - адам­ның қиялы­на сыйма­ған, көз кө­ріп, құ­лақ ес­ті­ме­ген, бұл фә­ни­дің ба­қыт­ты мың жы­лы оның бір сә­ті­не де тұр­май­тын аса ға­жайып мәң­гі­лік ба­қыт ме­кені. Алайда, кей­бір мұ­сыл­ман­дар бұл ғұ­мыр­да өзім­нің діт­те­ген ме­же­ме же­те­мін, сон­дық­тан да бір са­ғат мен үшін аса қым­бат деп қан­ша ты­ры­сып, жиыр­ма төрт са­ға­тын жұм­сап, өмір ба­қи ұм­тыл­ға­ны­мен кө­бі­не­се мақ­сат­та­ры­на же­те ал­майды. «Бі­реу­лер оқы­сам» деп ар­ман­дайды. Оқы­ған соң жақ­сы қыз­ме­тім бол­са дейді. Оған қо­лы жет­се де қа­на­ғат­та­на қой­майды. Одан әрі жо­ға­ры кө­рін­ген биік­ке шық­сам деп ар­ман­дайды. Фә­ни ғұ­мыр­дың биігі ешқашан біт­пейді. Бі­рі біт­се, бі­рі мен мұн­да­лап тұ­ра­ды. Бі­реу­лер ба­лам бол­са, ар­тым­да тұяқ қал­са деп ой­лайды. Бі­рақ ер­тең ба­ла­сы әке­сін дәл өзін­дей жақ­сы кө­ре ал­мауы мүм­кін. Не­гіз­гі мақ­сат пен тә­лім-тәр­бие­сін бе­ре ал­ма­са, кә­рі­лер үйі­нен орын алуы ық­ти­мал. Ен­ді бі­реу­лер би­лік­ке қол жет­кіз­сем деп, көк­пен та­лас­қан шың­ға қа­рай күл­лі өмі­рін сарп ете­ді. Ен­ді жет­тім де­ген­де не өлім мұ­ны қуып же­те­ді, не шық­қан шы­ңы­ның оңай емес еке­нін, оның жер­ден қа­ра­ған­да әл­де­қайда суық еке­нін, кез-кел­ген сәт­те найза­ғай-найза­ның ұшы­на шан­шы­ла ке­ту ық­ти­ма­лы бар еке­нін аң­ға­рып, үл­кен дер­тке ду­шар бол­мақ. Қыс­қа­сы, фә­ни ғұ­мыр­дың фә­ни бе­ті­не қа­ра­ған бе­ті еш­қа­шан адам­ның жан-дү­ниесі­не ра­қат әкел­мейді. Ал на­маз оқы­ған адам­ның әр­бір іс-әре­ке­ті Аллаһ үшін бол­ған­дық­тан, қал­ған жиыр­ма үш са­ға­ты да Аллаһ үшін са­на­лып, күл­лі өмі­рі құт-бе­ре­ке­ге ай­нал­мақ. Өйтке­ні, на­маз оқу­шы - ғұ­мыр­ға не­ге кел­ге­нін ұғы­нып, өз мін­де­тін қал­тқы­сыз ат­қа­ру­ға ты­ры­сып, фә­ни­де өзін «жат жұр­ттық» са­нап, мәң­гі­лік ба­қыт ме­ке­ні мен өзін сүйіп жа­рат­қан Ұлы Жа­ра­ту­шы­сы­на қа­рай аса са­ғы­ныш­пен қа­дам бас­қан адам. Сон­дық­тан ақыр­ғы Пай­ғам­бар (с.а.у.): «На­маз - кө­зім­нің нұ­ры»,[5] - дейді.

На­маз­да қа­жы­лық та бар. Мұ­сыл­ман­дар на­маз оқы­ған кез­де құ­бы­ла­ға қа­рап тұ­ра­ды. Яғ­ни, өзін бейне бір Қағ­ба­ның ал­дын­да күл­лі мұ­сыл­ман­мен бір­ге на­маз­ға тұр­ған­дай се­зі­ніп, Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға мойынсұ­нып, жү­рек­пен те­рең тағ­зым ете­ді.

На­маз - адам­ды Жа­ра­ту­шы Жап­пар Иеге жа­қын­да­та­ды. Рух пен ерік­ті кү­шейте­ді. Адам­ды са­быр мен шү­кір­ге үйре­те­ді. Құ­ран­да бы­лай дейді: «Са­быр мен на­маз ар­қы­лы Аллаһ­тан жәр­дем ті­лең­дер. Бі­рақ бұл Аллаһ­тан қо­рық­қан­дар­дан өз­ге­ге қа­шан да ауыр кел­мек»[6].

На­маз - адам ба­ла­сы­ның тән та­за­лы­ғы мен жан та­за­лы­ғы. Рух азы­ғы мен ар азы­ғы. Адам на­маз ар­қы­лы Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға тағ­зым етіп, өзі­нің пен­де­ші­лі­гі­не тәубе ете­ді.

 


[1] Анкабут, 29/45.

[2] Бухари, Мәуақит, 6; Муслим, Мәсажид, 283; Тирмизи, Әбад, 80, 90; Насаи, Салат, 7.

[3] Муслим, Таһарат, 14-15, Тирмизи, Мәуақит, 46; Ибн Мажә, Таһарат, 79,106.

[4] Тирмизи, Салат; 118.

[5] Насаи, Ишаратун-Ниса, 1.

[6] Бақара, 2/45.