Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

Әжетхана әдебі

22.05.2017 42708 0 пікір
Әжетхана әдебі

Әжетханаға кірерде Пайғамбарымыздың () мына дұғасы оқылады:

 

أللَّهُمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ

 «Аллаһумма инни ә’узу бика минал-хубси уал-хабаис» – «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын».

Бұдан кейін ішке кірерде – сол аяқпен, шығарда – оң аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пайдалану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым салған. Сыртқа шыққан кезде:

ألْحَمْدُ لله الَّذِي أذْهَبَ عَنِّي الاَذَي وَ عَافَاني

 «Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-әзә уә ‘аафани», «Қиындықтан арылтып, жеңілдік берген Аллаға шүкір» дұғасы оқылады.

Ел жүретін жерге дәрет сындыру дұрыс емес. Пайғамбарымыз (): «Кімде-кім мұсылмандардың жүрген жолына дәрет сындырса, Алла мен періштелер және барлық адамдар оған лағынет етсін»[1] – деп қатты ескерткен. Әжетханада Құран оқымау, сөйлемеу керек. Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмайды.

 

[1] Мәжмәу´з-Зәуәид, І.204.