- Тазалық кітабы
 - Дәрет кітабы
 - Бейнелі дәрет
 
Дәретке кедергі жасамайтын нәрселер
                                 22.05.2017
                                 12067
                                 0 пікір
                            
                            Дәретке кедергі жасамайтын нәрселер
- Адамның денесінен шыққан терлер мен тырнақтың кірлері.
 - Бояушының қолындағы немесе тырнақтарындағы кетпей қалып қойған бояулар да дәретке кедергі жасамайды.
 - Бір адам дәреті бұзылғаннан кейін алып алмағанына күмәнданса, дәреті жоқ болып саналады. Ал, керісінше дәрет алғаннан кейін бұзылып-бұзылмағанына күмәнданса, дәреті бар деп саналады.
 - Дәрет кезінде немесе алып болғаннан кейін бір мүшенің жуып-жумағаны жайлы шүбәланса, қайта жуады. Егер мұндай екі ойлылық, уәсуәса жиі қайталанса, ондай кезде жудым деп, қанағат ету керек.
 
