21 Қараша 2024
19 Жұмадәл әууәл 1446
часов до
19 Жұмадәл әууәл 1446 Хижра
намазына дейін ::
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Түнде оянып онымен (Құранмен) нәпіл оқы. Раббың сені мақтаулы орынға жеткізуі мүмкін» («Исра» сүресі, 79-аят),–деген. Түнде оқылатын қосымша намаз тәһажүд деп аталады. Мүсілімнің риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Парыз намаздардан кейінгі ең абзал намаз – түнгі намаз», – деген.
Ислам ғұламалары: «Намаз – иманның басы және тозақтан құтқарушы», – деп айтқан. Намаз – кәлимә-шаһадаттан кейінгі ең ұлы парыз болып есептеледі. Алланың бар екендігі және бірлігін біліп растау – ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені және ең маңыздысы – намаз. Алла Тағала Құран Кәрімде «Мен жындар мен адам баласын тек қана Маған ғибадат етсін деп жараттым», – деп бұйырған.
Күллі жаратылыс атаулы - Аллаһ Тағаланың құдіретін, шеберлігін, ілімін, жалғыздығын, ұлылығын танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде:
Өмір өзендей аққан бойы өтіп жатыр. Үйреншікті күн арайлап атып, алаулап батуда. Адамдардың көбі пәни дүниенің қамын жеп, өздерінің мына дүниеге қайдан, не үшін келгендерін, қайда баратындарын ұмытқан.
Намаз - Аллаһ пен құл арасындағы байланыс негізі. Бес уақыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен хадистер бар. Құранда былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды».
Аллаһтың бар екендігі мен даралығын біліп растау - ең үлкен парыз. Осыдан кейінгі парыздардың ең үлкені және ең маңыздысы - намаз. Намаз - жүректің нұры, рухтың күші, мұсылманның кереметі.
Америка Құрама Штатының біршама университеттерінде білікті ұстаздық қызметін жасаған профессор Джеффри Ланг (Jeffrey Lang) өзінің исламды қалай қабылдағанын жазған «Періштелер сұрағанға дейін» (Even Angels Ask: A Journey to Islam in America) деп аталатын кітабында ең алғашқы оқыған намазынан ерекше әсерленіп, рухани нәр алғанын былайша жазады.
Намазға арнайы көңіл бөліп, оған уақыт тапқан мұсылман шын мұсылманның бейнесін көрсете алады. Алла тағала да ондай құлын қамқорына алып, дүние қиыншылықтарынан құтқарады. Ал, ақыретте еңбегін еш етпестен, арнайы жәннаттың сыйымен сүйіншілері хақ.