Таблица намаза:
Сайт о Намазе - ДУМК
  • Фаджр
  • Восход
  • Зухр
  • Аср
  • Магриб
  • Иша

Термин

13.05.2017 23337 0 пікір

Азан: Ха­бар бе­ру, біл­ді­ру. Па­рыз на­маз уақы­тын біл­ді­ре­тін ар­найы сөз­дер.

Айн па­рыз: Жал­пы па­рыз. Әр­бір мұ­сыл­ман­ға ті­ке­лей жүк­те­ліп, өтеуге бо­рыш­ты па­рыз­дар.

Ақыр­ғы оты­рыс: Соң­ғы рә­кат­тан кейін­гі «әт-та­хият» дұ­ға­сы оқы­ла­тын оты­рыс.

Әмин: Аллаһым, дұ­ға­мыз­ды қа­был ет!

Әт-та­хият: На­маз оты­ры­сын­да оқы­ла­тын дұ­ға.

Әу­рет: Қарауы ха­рам, жа­бы­луы па­рыз мү­ше­лер. Ер кі­сі­лер үшін кін­дік пен ті­зе­нің ара­сы, әйел­дер үшін бет-жү­зі, бі­лек­ке дейін­гі екі қо­лы жә­не то­бық­қа дейін­гі екі аяғы­нан бас­қа бар­лық жер­ле­рі.

Ба­ли­ғат ша­ғы: Қыз ба­ла­ның 9-15, ер ба­ла­ның 12-15 жас­қа ке­ліп, кә­ме­лет­ке толуы.

Ғайру мүәк­кад сүн­нет: Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) кейде жа­сап, кейде жа­са­ма­ған сүн­нет­те­рі. На­маз­ды­гер мен құп­тан­ның ал­ғаш­қы сүн­нет­те­рі, т.б.

Ға­мус ан­ты: Жал­ған ант. Бір нәр­се­ні бі­ле тұ­ра әдейі жал­ған ант ету.

Ғид­дәт: Әйел адам­ның күйеуі­нен та­лақ бол­ған­нан кейін не­ме­се күйеуі қай­тыс бол­ған­нан кейін кү­те­тін бел­гі­лі уа­қыт.

Ғұ­сыл: Араб ті­лін­де жуыну, ша­ри­ғат­та бү­тін де­не­нің ар­найы түр­де то­лық жуылуы.

Дә­рет: Ис­лам­да кей­бір ғи­ба­дат­тар­ды іс­ке асы­ру үшін жә­не же­ке ба­сы да ғи­ба­дат са­на­ла­тын ар­найы та­за­ла­ну тү­рі.

Жам'у та­хир: Бі­рін­ші на­маз­дың уақы­ты шық­қан­нан кейін екін­ші на­маз­дың уақы­тын­да екі на­маз­ды бір­ге қо­сып оқу. Ара­фа кү­ні ақ­шам жә­не құп­тан на­маз­да­рын құп­тан уақы­тын­да Муз­дә­ли­фә­да бір­ге қо­сып оқу - уә­жіп.

Жәйіз: Дін­де рұқ­сат етіл­ген жал­пы іс-әре­кет­тер.

Жи­наят: Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра ғи­ба­дат­та­рын­да­ғы уә­жіп амал­дар­дың біреуі­нің орын­дал­май қалуы, тіп­ті бел­гі­лен­ген уақы­ты­нан ке­шік­ті­рі­луі не­ме­се их­рам­ға кі­рген соң іс­те­лі­нуі ха­рам тыйым­дар­дың жа­са­луы.

Зи­һар: Ис­лам­нан бұ­рын­ғы дәуір­де араб әле­мін­де әйел­дер­ді та­лақ ету­дің бір жо­лы.

Зия­рат тауабы: Қа­жы­лар­дың Ара­фат­тан қайт­қан­нан кейін жа­сай­тын тауабы­на зия­рат тауабы не­ме­се «ифа­да тауабы» де­лі­не­ді. Бұл тауап­ты жа­сау - қа­жы­лық­тың үш па­ры­зы­ның бі­рі. Зия­рат тауа­бын­да­ғы же­ті айна­лым­ның төр­теуі - па­рыз, үшеуі - уә­жіп.

Иғ­ти­қаф: Бір жер­де тұ­ру, кү­ту, өзін бір жер­ге қамау. Ме­шіт­те яки со­ған ұқ­сас жер­де ғи­ба­дат ниеті­мен бел­гі­лі бір мез­гіл сол жер­де қа­лу.

Иж­мағ: Ис­лам ғұ­ла­ма­ла­ры­ның бел­гі­лі бір мә­се­ле­нің үкі­мін­де ор­тақ көз­қа­ра­сы.

Из­ти­ба: Де­не­нің үс­тің­гі жа­ғын­да­ғы жап­қыш­тың бір ұшын оң қол­тық­тың ас­ты­нан өт­кі­зіп, сол иық­қа тас­тап, оң қол­ды иық­пен бір­ге ашық тас­тау.

Ис­тиб­ра: Кі­ші дә­рет қал­дық­та­ры­нан тү­гел­дей ары­лу.

Ис­тин­жа: Қан, мә­ни, үл­кен дә­рет, кі­ші дә­рет сияқ­ты лас­тық­тар­дан та­за­ла­ну.

Ис­тин­шақ: Мұ­рын­нан кең­сі­рік­ке дейін су тар­ту.

Ис­ти­ха­ра на­ма­зы: Бір іс­тің жақ­сы­сын, қайы­рын, игі­лі­гін ті­леу үшін ар­найы оқы­ла­тын на­маз жә­не дұ­ға.

Иф­ти­тах: Ашу, на­маз­дың ал­ғаш­қы тәк­бі­рі. 

Иф­ти­тах: На­маз­ды бас­тар­да алы­на­тын ал­ғаш­қы тәк­бір.

Их­рам: Қа­жы­лық не­ме­се ум­ра яки екеуін бір­ге жа­сау ниеті­мен, бас­қа уа­қыт­та­ғы ха­лал кей­бір іс­тер­ді, қа­жы­лық не­ме­сі ум­ра уақы­тын­да кі­сі­нің өзі­не ха­рам қылуы.

Их­сар: Дұш­пан­ның бө­гет бо­луына не­ме­се ауру сияқ­ты се­беп­тер­ге байла­ныс­ты қа­жы­лық не­ме­се ум­ра жа­сау үшін их­рам­ға кір­ген адам­ның қа­жы­лық­ты не­ме­се ум­ра­ны аяқ­та­мас­тан их­рам­нан шы­ғу­ға мәж­бүр болуы.

Их­ти­лам: Ұйқы­да ғұ­сыл­дың бұ­зы­луы.

Иш­ти­һад: Бел­гі­лі ере­же­лер­ді ұстанып, Құ­ран мен сүн­нет­тен үкім шы­ға­ру.

Кәф­фа­рат: Қа­те­ле­сіп, әдейі не­ме­се бі­реу­дің зор­лауы ар­қы­лы жа­сал­ған кей­бір кү­нә­лар­дың ке­ші­рі­луі­нің Ис­лам­да­ғы ар­найы өте­лу жол­да­ры.

Ки­фая па­рыз: Жал­қы па­рыз. Жал­пы мұ­сыл­ман­ға па­рыз бо­ла тұр­са да, кей­бір мұ­сыл­ман­дар­дың іс­ке асы­ру ар­қы­лы бар­ша мұ­сыл­ман­ның мойны­нан тү­се­тін па­рыз­дар.

Ку­суф: Күн­нің тұ­ты­луы.

Кі­ші ха­дас: Дә­рет­сіз­дік.

Қа­дум тауабы: Сыр­ттан ке­ле­тін адам­дар­дың Мек­ке­ге кел­ген уа­қыт­та Қағ­ба­ға сә­лем ре­тін­де жа­сай­тын ал­ғаш­қы тауап. Бұл тауап­ты жа­сау - сүн­нет.

Қа­мат: Па­рыз на­ма­зы­на тұ­рар­да ар­найы айты­ла­тын азан­нан аз ға­на айыр­ма­шы­лы­ғы бар сөз.

Қа­мис: Мәйіт­ті орай­тын ке­бін­нің бі­рі.

Қиям: Тіп-тік, түрегеп тұ­ру. На­маз­да не­гіз­гі па­рыз­дар­дың бі­рі.

Құ­бы­ла: Мек­ке­де­гі Қағ­ба.

Қы­ра­ғат: На­маз­да­ғы «Фа­ти­ха­дан» кейін оқы­ла­тын Құ­ран. Ең қыс­қа­сы, үш аят не­ме­се осы үш аят­тың кө­ле­мін­дей бір, яки екі аят.

Ла­ғу ан­ты: Қа­те­ле­сіп не­ме­се айтқа­ным дұ­рыс деп ой­лап ант ету тү­рі.

Мад­ма­да: Ауыз­ды су­мен шаю.

Мас­буқ: Имам­ға ке­ші­гіп ұй­ған.

Мах­рам: Ис­лам­да әйел­дің үйле­нуі ха­рам жа­қын туыс­та­ры.

Мәйіт: Бұл өмір­ден өт­кен адам­ның де­не­сі.

Мәк­рүһ: Жа­ғым­сыз, ұнам­сыз, жа­ман іс-әре­кет. Дә­рет пен ғұ­сыл ал­ған­да су­ды ысы­рап ету, т.б.

Мә­сіх ету: Сүр­ту, сипау.

Ми­қат: Қа­жы­ға не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам­дар­дың их­рам­ға кір­мей өту­ге рұқ­сат етіл­ме­ген ар­найы жер­лер.

Ми­суак: Араб тү­бе­гін­де өсе­тін, тіс­ті та­за­лауда қолданылатын ағаш.

Муәл­ла­фа­тул-қу­лууб: Мұ­сыл­ман бо­лу ба­қы­ты­на әлі ке­нел­ме­ген кей­бір адам­дар­дың жа­ман­шы­лы­ғы­нан сақ­та­ну үшін жә­не Ис­лам ді­нін жа­ңа­дан қа­был­да­ған има­ны әл­сіз адам­дар­дың, тіп­ті әлі Ис­лам­ды қа­был­да­ма­ған кей­бір адам­дар­дың кө­ңі­лін жі­бі­ту үшін ке­дей бол­сын, бас­қа бол­сын зе­кет­тен бел­гі­лі есе бе­рі­ліп отыр­ған адам­дар.

Муз­дә­ли­фә: Ара­фат пен Ми­на­ның ор­та­сын­да ор­на­лас­қан жер­дің аты. Қа­жы­лық­та Ара­фа кү­ні­нің құр­бан айтқа қа­ра­ған тү­нін то­лық Муз­дә­ли­фә­да өт­кі­зу - сүн­нет

Мун'ақид ан­ты: Іс­ке асу мүм­кін­ді­гі бар, жал­пы бо­ла­шақ­қа байла­ныс­ты бір нәр­се жайлы ант ету.

Мұ­на­фық: Кү­пір­лі­гін жа­сы­рып, жұрт­қа мұ­сыл­ман бо­лып кө­рін­ген адам.

Мұс­та­хап: Аллаһ Ел­ші­сі­нің (с.а.у.) кейде жа­сап, кейде жа­са­ма­ған іс-әре­кет­те­рі. Сәс­ке на­ма­зы се­кіл­ді кей­бір нә­піл на­маз бен ора­за­лар осы­ған жа­та­ды.

Мүәк­кад сүн­нет: Ха­зі­ре­ті Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) әр­дайым жа­сап, ілу­де жа­са­ма­ған сүн­нет­те­рі. Таң, бе­сін, ақ­шам на­маз­да­ры­ның сүн­нет­те­рі, т.б.

Мү­баһ: Жа­са­луы мен жа­сал­мауын­да ді­ни жа­ғы­нан еш­қан­дай тос­қауыл бол­ма­ған, яғ­ни жауап­кер­дің ер­кін­де­гі іс-әре­кет­тер. Мә­се­лен, та­мақ ішу, ұйық­тау, т.б.

Мүп­сит: Бас­тал­ған ғи­ба­дат­ты бұ­за­тын нәр­се. На­маз­да өз-өзін ұс­тай ал­май кү­лу, т.б.

Міс­кін: Тү­гі жоқ, мұқ­таж адам­дар.

Нә­жі­сат: Ғи­ба­дат­тың іс­ке асуына ке­дер­гі жа­сай­тын лас­тық­тар.

Нә­піл тауап: Па­рыз жә­не уә­жіп бол­ма­ған нә­піл тауап.

Нә­піл: Па­рыз бен уә­жіп­тен тыс Аллаһ Та­ға­ла­ға жа­қын­дау үшін жа­са­ла­тын ғи­ба­дат­тар.

Ни­сап: Зе­кет­ті, құр­бан ша­лу­ды жә­не пі­тір са­да­қа­сын бе­ру­ді па­рыз яки уә­жіп ете­тін бел­гі­лі бай­лық мөл­ше­рі.

Ни­фас: Әйел адам бо­сан­ған кез­де жа­ты­ры­нан ке­ле­тін қан.

Па­қыр: Ни­сап мөл­ше­рі­не же­те­тін бай­лық­ты ие­лен­бе­ген адам­дар.

Па­рыз: Анық жә­не бұл­тартпас дә­лел­дер­мен әмір етіл­ген ді­ни іс-әре­кет­тер мен мін­дет­тер. На­маз оқу, ора­за ұс­тау, зе­кет бе­ру, т.б.

Пі­тір са­да­қа: Күн­де­лік­ті қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс, кем де­ген­де, ни­сап мөл­ше­рі (85 г. ал­тын) бай­лық­қа ие адам­ға уә­жіп са­да­қа.

Рү­күғ: иілу. Қол­дар­ды ті­зе­ге қойып, тө­мен қа­рай иілу. На­маз­дың не­гіз­гі па­рыз­да­ры­ның бі­рі.

Рү­күн: Па­рыз, не­гіз.

Са­ғи: Араб ті­лін­де шап­шаң жү­ру, жү­гі­ру де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы: Мәс­жи­дул-Ха­рам жақ­та ор­на­лас­қан Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да Са­фа тө­бе­ші­гі­нен бас­тап, Мә­руада аяқ­тау шар­ты­мен төрт рет ба­рып, үш рет қай­тып ке­лу.

Салауат: Аллаһ Ел­ші­сі­не (с.а.у.) айты­ла­тын ерек­ше дұ­ға.

Сәж­де: Ба­ғы­ну, мойынсұ­ну, кі­ші­пейіл­дік­пен иілу. Маңдайды және мұрынды жер­ге тигізу «сәжде» деп аталады. Сәжде на­маз­дың іш­кі па­ры­зы­ның бі­рі.

Сә­һу сәж­де­сі: Қа­те­лік сәж­де­сі.

Сүн­нет: Па­рыз бен уә­жіп­тен бө­лек Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) жа­са­ған, «жа­саң­дар» деп әрі жа­са­луына ри­за­лы­ғын біл­дір­ген іс-әре­кет­тер.

Та­ға­ла: Ұлы, ас­қақ, жо­ға­ры. Аллаһ­тың ұлы­лы­ғын біл­ді­ре­тін сөз. Әрі Аллаһ сө­зін айт­қан­да, жаз­ған­да қол­да­на­тын әдеп­ті­лік бел­гі­сі.

Тағ­дил әр­кан: На­маз­дың іш­кі па­рыз­да­рын кө­ңіл то­ла­тын­дай етіп, дұ­рыс­тап жасау.

Тауап: Қағ­ба­ны ғи­ба­дат ниеті­мен же­ті рет айна­лу

Та­хият дұ­ға­сы: На­маз­дың ал­ғаш­қы оты­ры­сын­да жә­не ақыр­ғы оты­ры­сын­да оқы­ла­тын дұ­ға.

Та­хия­тул-мәс­жид: Ме­шіт­ке сә­лем бе­ру деп аталатын мешітке кірген кезде отырмастан оқылатын намаз.

Тах­ри­мән мәк­рүһ: Ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ. Дә­рет ал­ған­да су­ды ысы­рап ету, т.б.

Тәж­һиз: Әзір­леу. Жа­на­за­ның жуылуы­нан кө­мі­луіне дейін жа­са­ла­тын ді­ни іс­тер.

Тәйәм­мүм: Су бол­ма­ған яки су бо­ла тұ­рып, пайда­ла­на ал­ма­ған кез­де та­за то­пы­рақ­қа соқ­қан қол­да­ры ар­қы­лы жү­зі мен екі қо­лын шын­тақ­қа дейін мә­сіх етуі.

Тән­зи­һән мәк­рүһ: Адал­ға жа­қын мәк­рүһ. Мұ­рын­ды оң қол­мен шаю, т.б.

Тәруия кү­ні: Зил­хиж­жа айы­ның 8-ін­ші кү­ні.

Тәс­бих: Аллаһ Та­ға­ла­ны шірк атаулы­дан, нұқ­сан­дық­тан пәк­теу.

Тә­һаж­жүд на­ма­зы: Түн­нің жар­ты­сы­нан бас­тап, сә­ре уақы­ты­ның аяқ­та­луына дейін­гі уа­қыт­та оқы­ла­тын на­маз тү­рі.

Тә­шәһ­һүд: әт-Та­хият дұ­ға­сы оқы­ла­тын на­маз­дың ал­ғаш­қы жә­не ақыр­ғы оты­ры­сы.

Тіләуат сәж­де­сі: Сәж­де аят­та­рын ес­ті­ген яки оқы­ған кез­де ар­найы жа­са­ла­тын сәж­де.

Уақ­фа: Бір ме­зет ғи­ба­дат ниеті­мен ар­найы уа­қыт­тар­да Ара­фат тауын­да жә­не Муз­дә­ли­фа­да тұ­ру.

Уә­жіп: Орын­да­луы дәл па­рыз се­кіл­ді та­лап етіл­ме­ген, қуат­ты дә­лел­дер­мен анық­тал­ған іс-әре­кет пен уази­па­лар. Құр­бан ша­лу, үтір жә­не айт на­ма­зын оқу, т.б.

Ум­ра тауабы: Ум­ра­ға бар­ған­да жа­са­ла­тын тауап. Бұл тауап­тың ал­ғаш­қы төрт айна­лы­мы - ум­ра­ның па­рыз­да­ры­нан, мін­дет­ті түр­де жа­са­луы ке­рек. Жа­сал­ма­са, ум­ра­сы дұ­рыс бол­майды. Қал­ған үш айна­лым орын­дал­ма­са, ар­найы жа­за өте­ле­ді.

Ум­ра: Бел­гі­лі бір уа­қыт­қа бай­лан­бай жыл­дың кез кел­ген уақы­тын­да их­рам­ға кі­ріп, тауап жә­не са­ғи жа­са­ған­нан кейін шаш­ты ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қар­тып, их­рам­нан шы­ғу жол­да­ры­мен ат­қа­ры­ла­тын ғи­ба­дат.

Үзір қа­ны: Құр­сақ­тан емес, ақау та­мыр­дан аға­тын қан.

Үл­кен ха­дас: Жү­ніп, хайыз, ни­фас.

Ха­да­сат: Ру­ха­ни лас­тық. Ғұ­сы­лы, дә­ре­ті бол­мау, хайыз яки ни­фас жағ­дайы.

Хайыз: Әр ай­дың бел­гі­лі күн­де­рін­де әйел­де пайда бо­лып, кей­бір ғи­ба­дат­тар­ға ке­дер­гі жа­сай­тын қан.

Ха­рам аума­ғы: Өсім­дік­те­рі­нің жұ­лы­нуына жә­не аң­да­ры­ның, жал­пы жан-жа­нуар­ла­ры­на зиян ти­гі­зу­ге тыйым са­лын­ған Мек­ке жә­не оның айна­ла­сын­да­ғы қа­сиет­ті, мү­бә­рак жер­лер.

Ха­рам: Жа­са­луы мен пайда­ла­нуы Ис­лам­дық тұр­ғы­дан қа­таң тыйым са­лын­ған нәр­се­лер. Ішім­дік ішу, құ­мар ойын­дар, зи­на жасау, адам өл­ті­ру, ғай­бат­тау, жа­ла жа­бу, т.б.

Ху­суф: Ай­дың тұ­ты­луы.

Хұт­па: Жұ­ма кү­ні имам­ның па­рыз на­ма­зы­нан бұ­рын мін­бер­ге шы­ғып оқи­тын дұ­ға­сы.