- Тазалық кітабы
- Дәрет кітабы
- Бейнелі дәрет
Әжетхана әдебі
Әжетханаға кірерде Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына дұғасы оқылады:
أللَّهُمَّ إنِّي أعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ
«Аллаһумма инни ә’узу бика минал-хубси уал-хабаис» – «Аллаһым, ластықтан және лас нәрселерден саған сиынамын».
Бұдан кейін ішке кірерде – сол аяқпен, шығарда – оң аяқпен шығу. Дәрет сындырған адам сол қолын пайдалану керек. Пайғамбарымыз оң қолмен алуға тыйым салған. Сыртқа шыққан кезде:
ألْحَمْدُ لله الَّذِي أذْهَبَ عَنِّي الاَذَي وَ عَافَاني
«Әлхамду лилләһил-ләзи әзһәбә ‘аннил-әзә уә ‘аафани», «Қиындықтан арылтып, жеңілдік берген Аллаға шүкір» дұғасы оқылады.
Ел жүретін жерге дәрет сындыру дұрыс емес. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім мұсылмандардың жүрген жолына дәрет сындырса, Алла мен періштелер және барлық адамдар оған лағынет етсін»[1] – деп қатты ескерткен. Әжетханада Құран оқымау, сөйлемеу керек. Құбылаға қарап немесе арқасын беріп отыруға болмайды.
[1] Мәжмәу´з-Зәуәид, І.204.