- Тазалық кітабы
- Дәрет кітабы
- Бейнелі дәрет
Дәретті бұзбайтын нәрселер
22.05.2017
13961
0 пікір
Дәретті бұзбайтын нәрселер
- Адамның денесінің кез-келген жерінен шыққан қан, сары судың жайылмай шыққан орнында тұруы.
- Аузы толмай шыққан құсық.
- Қатқан қанның қанамай үгіліп түсуі
- Түкірік немесе сіңбірікке аз қан араласуы.
- Ауыз тола қақырық тастау.
- Мұрын, құлақ, болмаса бір жарадан дене құртының түсуі.
- Тістелген жемісте не щеткада көрінген аққандығы білінбеген қан ізі.
- Кене, маса, сүліктің, т.б. тойғанша сорған қаны. Бірақ сүліктің сорып болғаннан кейін жалғаса аққан қан дәретті бұзады.
- Жақсылап мығым отыру немесе намазда аяқта, рүкүғте, сәждеде ұйықтау.
- Намаздан тыс немесе жаназа намазында тұрып яки болмаса тиләуәт сәждесінде дауыстап күлу.
- Жылау дәретті бұзбайды.
- Дауыссыз жай ғана жымию намазды да, дәретті де бұзбайды.