- Намаз кітабы
- НАУҚАС АДАМДАР НАМАЗДАРЫН ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
- ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ
- ИМАМҒА КЕШІГІП ҰЙЫҒАН АДАМ НАМАЗЫН ҚАЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ?
- ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ
- НАМАЗ МӘКРҮҺТЕРІ
- НАМАЗ ӘДЕПТЕРІ
- НАМАЗ СҮННЕТТЕРІ
- НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ
- Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
- Намаздың парыз болу шарттары
- Намаз уақыты
- Намаз түрлері
- Намаз жайлы
- Намаз түрлері
Қажет намазы
Дүниелік немесе ақыреттік қалауы бар адам дәрет алып, құптан намазынан кейін екі немесе төрт рәкат, басқа бір көзқарас бойынша, он екі рәкат намаз оқиды. Одан кейін Аллаға хамд, мадақ және Оның Елшісіне салауат айтып, артынан өзіне қажет дұғасын айтып, Алладан сұрайды. Мәрфу' бір хадисте намаздың бірінші рәкатында бір рет «Фатиха», үш рет «Аятул-күрсі» оқиды. Қалған үш рәкатының әр бірінде «Фатиха» мен «Ықылас», «Фәлақ», «Нас» сүрелін оқиды.
Артынан мына дұғаны оқысын:
لاَ اِلَهَ الاَّ اللهُ الْحَلِيمُ الْكَريمُ سُبْحَانَ اللهِ رَبِّ الْعَرْشِ الْعَظيمِ الْحَمْدُ لِلهِ رَبِّ الْعالَمِين اَسْئَلُكَ مُوجِباتِ رَحْمَتِكَ وَ عَزَآئِمَ مَغْفِرَتِكَ وَ الْغَنيمَةَ مِنْ كُلِّ بِرٍّ وَ السَّلامَةَ مِنْ كُلِّ اِثْمٍ لاَ تَدَعْ لي ذَنْباً الاَّ غَفَرْتَهُ وَ لا هَمّاً إلاَّ فَرَّجْتَهُ وَ لاَ حاجَةً هِىَ لَكَ رِضاً قَضَيْتَها يآ اَرْحَمَ الرَّاحِمينَ
Оқылуы: «Ләә иләһә иллал-лоһул-халимул-кәрим. Субхан-Аллаһи Раббил-а’ршил-а’зим. Әл-хәмду лилләһи раббил-а’ламин. Әсәлукә мужибаати рахматика уә азаимә мағфиратикә уәл-ғанимәтә мин кули биррин уәс-сәләәматә мин кулли исмин ләә тәда’ ли зәнбән иллә ғафәртәһ уә ләә һәммән иллә фәррәжтәһ, уә ләә хәәжәтән һиә ләкә ридан иллә қадайтәһә иәә әр-рахамәр-рәхимиин».
Мағынасы: «Халим (биязы) әрі Жомарт Алладан басқа құдай жоқ. Ұлы арштың Раббы Алланы тәсбих етемін. Хамд пен мадақ әлемдердің Раббы Аллаға тән. Аллаһым! Рақымдылығың қажет еттірген нәрселеріңді, ап-анық кешіріміңді, әрбір жақсылыққа жеткізуіңді, әрбір күнәдан алыстатуыңды сенен тілеймін. Күнәларымды кешір! Қайғы-мұңымнан арылт! Ризалығыңа лайық қажеттілігімді бер. Ей, рақымдылардың Рақымдысы, Аллаһым!»