Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

Дәретке кедергі жасамайтын нәрселер

22.05.2017 3068 0 пікір
Дәретке кедергі жасамайтын нәрселер
  1. Адамның денесінен шыққан терлер мен тырнақтың кірлері.
  2. Бояушының қолындағы немесе тырнақтарындағы кетпей қалып қойған бояулар да дәретке кедергі жасамайды.
  3. Бір адам дәреті бұзылғаннан кейін алып алмағанына күмәнданса, дәреті жоқ болып саналады. Ал, керісінше дәрет алғаннан кейін бұзылып-бұзылмағанына күмәнданса, дәреті бар деп саналады.
  4. Дәрет кезінде немесе алып болғаннан кейін бір мүшенің жуып-жумағаны жайлы шүбәланса, қайта жуады. Егер мұндай екі ойлылық, уәсуәса жиі қайталанса, ондай кезде жудым деп, қанағат ету керек.