- Намаз кітабы
- НАУҚАС АДАМДАР НАМАЗДАРЫН ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
- ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ
- ИМАМҒА КЕШІГІП ҰЙЫҒАН АДАМ НАМАЗЫН ҚАЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ?
- ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ
- НАМАЗ МӘКРҮҺТЕРІ
- НАМАЗ ӘДЕПТЕРІ
- НАМАЗ СҮННЕТТЕРІ
- НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ
- Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
- Намаздың парыз болу шарттары
- Намаз уақыты
- Намаз түрлері
- Намаз жайлы
- Намаз түрлері
Тәсбих намазы
Тәсбих намазының сауабы көп. Бұл намазды әрқашан оқуға болады. Аптасына бір рет немесе айына бір рет, тым болмаса өмірінде бір рет оқу керек. Тәсбих намазы – төрт рәкат. Әрбір рәкатта «Фатиха» мен бір сүре оқылады. Бір немесе екі сәлеммен аяқталады. Осы намазда үш жүз рет:
سُبْحَانَ اللهِ وَ الْحَمْدُ للهِ وَ لاَ اِلَهَ اِلاَّ اللهُ وَ اللهُ اَكْبَرُ
«Субхан-Аллаһи уәл-хамду лилләһи уә ләә иләһә иллал-лаһу уаллаһу әкбар» тәсбихы оқылады. Яғни, әрбір рәкатта жетпіс бес рет тәсбих оқылады. Ниет етіп, қол байланып, субханакадан кейін он бес рет осы «тәсбих» оқылады. Содан кейін Ә’узу-бисмиллаһ, «Фатиха» және бір сүре оқылып, қайтадан осы «тәсбих» он рет оқылады. Содан кейін рүкүғке барады. Үш рет рүкүғ тәсбихі айтылған соң, сол жерде он рет тағы да осы «тәсбих» оқылады». Содан кейін қиямға барған кезде сол жерде он рет оқылады. Одан кейін сәждеге барады.
Сәжде тәсбихы айтылысымен артынша он рет «тәсбих» оқылады. Сәждеден тәкбір айтып тұрады да, екі сәжде арасында тағы да он рет осы «тәсбих» оқылады. Қайта тәкбір айтып, сәждеге барып, сәжде тәсбихін айтқан соң, он рет осы «тәсбих» оқылады. Сонымен бәрі қосылып, жетпіс беске жетеді. Осыдан кейін екінші рәкатқа тұрады да, сол рәкатты дәл осылай оқып отырады. Отырыста «әт-тахият» пен «салауат» оқылады. Осымен «тәсбих» жүз елуге жетеді. Осыдан кейін сәлем беріп яки сәлем бермей үшінші рәкатқа бастайды. Осы соңғы екі рәкат дәл алдыңғыдай оқылады. Осылайша үш жүз «тәсбих» оқылады.