Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

Намаз түрлері

05.12.2016 7742 0 пікір

НАМАЗ ТҮРЛЕРІ

Намаз үшке бөлінеді:

  • Парыз
  • Уәжіп
  • Нәпіл

ПАРЫЗ НАМАЗДАР

 Парыз намаздар – «парыз айн» (жалқы парыз), «парыз кифая» (жалпы парыз) болып екіге бөлінеді. Парыз айн намазы – балиғатқа толған барлық мұсылмандарға парыз, әрқайсысы оларды жеке-жеке іске асыруға міндетті. Парыз айнға бес уақыт намаз бен жұма намазы жатады. Жұма намазы – сол күнгі бесін намаздың орнына жамағатпен оқылатын екі рәкат намаз. Кифая намазы – бір мұсылман ғұмырдан өткенде әуелі жақындары мен таныстары, жалпы мұсылмандардың оқитын жаназа намазы. Бұл намазды бірнеше мұсылман оқыса жетіп жатыр. Басқалары оқымағандықтары үшін жауапты болмайды. Намаздың сауабын оқыған ғана алады. Ал, ешкім оқымаса бәрі күнәһар болады.

 

УӘЖІП НАМАЗДАР

Уәжіп намаздар – мұсылманның іс-әрекетіне байланысы жоқ және тікелей байланысы бар уәжіп деп екіге бөлінеді.

Бірінші топтағы уәжіп намаздарына – құптан намазынан кейін оқылатын үш рәкат үтір намазы мен Рамазан және Құрбан айтта оқылатын айт намаздары жатады.

Екінші топқа нәзір (атау) (адамның өзіне міндет болмаған намазды атау арқылы уәжіп еткен намаз) намазы, қателік сәждесі және басталып, аяқталмай бұзылған намаздың қазасы жатады.

 

НӘПІЛ НАМАЗДАР

Парыз бен уәжіп намаздардан өзге намаздар «нәпіл намаз» деп аталады. Парыз намаздардың алдында және соңында оқылатын сүннет намаздар нәпіл намазға жатады. Бұл сүннеттер де «мүәккәд» (бекітілген) сүннет», «ғайру мүәккәд» бекітілмеген) сүннет болып екіге бөлінеді. Мысалы, таң намазының екі рәкат сүннеті –мүәккәд сүннет, намаздыгер мен құтпанның алдындағы төрт рәкат сүннеттер – ғайру мүәккәд сүннет болып саналады.

Екінші, «ерікті» сүннетке – Хазіреті Пайғамбардың белгілі бір уақыттарда немесе кейбір себептер арқылы оқыған, адамның қалауымен кез-келген уақытта Аллаға жақындау үшін оқыған намаздар жатады. Бұларға тәһажжүд намазы, сәске  намазы, истихара намазы, жаңбыр дұғасы, хусуф намазы, кусуф намазы, тахиятул-мәсжид, тәубе намазы, әууабин намазы, тәсбих намазы, ихрамға кіру намазы, жолға шығу, жолдан оралу намазы, қажеттілік намазы, дәрет пен ғұсылдан кейін оқылатын нәпіл намаздар жатады.