Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

Тахиятул-мәсжид

22.05.2017 4380 0 пікір
Тахиятул-мәсжид

Мешітке сәлем беру «тахиятул-мәсжид» намазы болып табылады. Яғни, мешіттің Раббысына сәлем беру, оған тағзым ету мақсатымен екі рәкат намаз оқу – мәндүп. Бір күнде мешітке бірнеше мәрте кірген адамға осы намазды бір рет оқыса, жеткілікті. Бұл намазды мешітке кірген сәтте отырмастан оқу – абзал. Отырып, аздан кейін оқыса да болады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: «Кімде-кім мешітке кіргенде екі рәкат намаз оқымай отырмасын»[1]. Жұма күні имам хұтба айтып жатқан кезде кірген адам бұл намазды оқымастан отыру керек. Мешітке парыз яки нәпіл намаз оқу үшін кіріп, отырмастан сол ниет еткен намазын оқу да – «тахиятул-мәсжид» намазының орнына жүреді.

 

[1] Бухари, Салат, 60.