Сіздің қалаңыз:
Намаз сайты - ҚМДБ
  • Таң
  • Күн
  • Бесін
  • Екінті
  • Ақшам
  • Құптан

Жауын тілеу намазы

22.05.2017 3396 0 пікір
Жауын тілеу намазы

Бір жерге жаңбыр жаумай қуаңшылық болған кезде жауын дұғасы жасалады. Кейбір елде халық Раббыларына көңіл бөлмей, зор күнәға батқандықтан, Алла сол елді сынау үшін, кей кезде, ол жерлерді қуаңшылыққа айналдырады. Құранда Хазіреті Нұх, Хазреті Мұса секілді пайғамбарлардың халқы үшін жауын сұрап, дұға еткендері жайлы сөз етіледі.

Нұх пайғамбар: «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені, Ол-өте жарылқаушы», – деді. «Ол сендерге аспаннан мол-мол жауын жіберді»[1].

Жауын тілеу намазын Әбу Ханифа бойынша, жамағатпен жария оқу сүннет емес. Бірақ жарамды мәндүп іс. Жауын жаумаса, намаз бірнеше күн қайталанады. Пайғамбарымыздан (ﷺ) бізге жеткен жауын дұғасы:

أللهُمَّ اسْقِنا غَيْثاٌ مُغيثاً هَنيئاً مَريئاً مَريعاً غَدَقاً مُجَلِّلاً سَيْحاً عامّاً   طَبَقاً دائماً, اللهُمَّ اسْقِنا الْغَيْثَ وَ لاَ تَجْعَلْنا مِنَ الْقانِطِينَ . أللهُمَّ اِنَّ بِالْبِلادِ وَ الْعِبَادِ وَالْخَلْقِ مِنَ ا وَّالَاءِ والضَّنْككِ ما لاَ نَشْكُوُ اِلاَّ اِلَيْكَ  .أللهُمَّ اَنْبِتْ لَناَ الزَّرْعَ وَ اَدِرْ لَنا الضَّرْعَ وَ اَسْقِنا مِنْ بَرَكاتِ السَّماءِ وَ اَنْبِتْ لَناَ مِنْ بَرَكاتِ الأرْضِ. أللهُمَّ اِنَّا نَسْتَغْفِرُكَ اِنَّكَ كُنْتَ غَفَّاراً فَارْسِلِ السَّماءَ عَلَيْنا مِدْراراً

«Аллаһуммәс-қинә ғайсән, муғисән, һәниән, мәриән, мәри’ан, ғадақан, мужәллилән, сәйхан, аммән, табақан дәәимән. Аллаһуммә! Әсқинәл-ғайсә уә ләә тәж’алнәә минәл-қанитиин. Аллаһуммә! Иннә бил-биләди уәл-’ибәди уәл-халқи минәл-лә’уәәи уәд-данки мә ләә нәшку иллә иләйк. Аллаһуммә! Әнбит ләнәз-зәр’а уә әдир ләнәд- дәр’а уә әсқинәә мин бәрәкатис-сәмәәи. Уә әнбит ләнәә мин бәрәкәтил-әрди. Аллаһуммә! Иннәә настағфирукә иннәкә кунтә ғаффарә, фә әрсилис-сәмә’ә аләйнәә мидрәрә».

 

Мағынасы: «Аллаһым! Бізге жәрдем беріп, жерімізді, шартарапты ылғалдандыратын мол жауын нәсіп ет. Аллаһым! Бізді жауынмен суландыр, бізді үміттері үзілген адамдардан етпе. Аллаһым! Елдерде, құлдарыңда, жан-жануарда ауыр тауқымет бар. Оны Саған ғана шағым ете аламыз. Аллаһым! Біз үшін егінімізді өсіріп, малымыздың сүтін молайт, бізді көктің берекеттеріне бөлеп, жер-жүзінің берекеттерінен бізге ырыс бер. Аллаһым! Біз Сенен кешірім тілейміз. Шексіз Сен аса кешірімдісің. Бізге көктен мол жауын жібер».

 

[1] Нұх, 71/10-11.