- Намаз кітабы
- НАУҚАС АДАМДАР НАМАЗДАРЫН ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?
- ЖОЛАУШЫНЫҢ НАМАЗЫ
- ИМАМҒА КЕШІГІП ҰЙЫҒАН АДАМ НАМАЗЫН ҚАЛАЙ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ?
- ЖАМАҒАТПЕН НАМАЗ
- НАМАЗ МӘКРҮҺТЕРІ
- НАМАЗ ӘДЕПТЕРІ
- НАМАЗ СҮННЕТТЕРІ
- НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ
- Намаздың сыртқы және ішкі парыздары
- Намаздың парыз болу шарттары
- Намаз уақыты
- Намаз түрлері
- Намаз жайлы
- Намаз түрлері
Кусуф намазы
Күннің тұтылуын – «кусуф», айдың тұтылуын – «хусуф» деп атайды. Бір елде күн тұтылса, сол елдің имамы азансыз, қаматсыз халықпен екі рәкат намазды жария оқиды. Пайғамбарымыз (ﷺ) күн тұтылғанда қиямда ұзақ тұрып, екі рәкат намаз оқып былай деді: «Бұл құбылыстар – Алланың ұлылығын паш еткен дәлелдер. Алла осындай құбылыстармен құлдарын қорқытуды қалайды. Бұндай нәрсені көрген кезде ең соңғы парыз намазы секілді намаз оқыңдар»[1].
Бұл аяттағы «сәжде етіңдер» әмірі ай мен күн тұтылғанда намаз оқу мағынасын білдіреді. Бұл намаз үлкен мешітте оқылса, абзал. Бірақ басқа жерлерде де оқуға болады. Намаздан кейін имам күн ашылғанға дейін жамағатқа қарап отырып, дұға етеді. Жамағат «әмин» дейді.
[1] Бухари, Кусуф, 1, 17.
[2] Фуссилат, 41/37.