Сіздің қалаңыз:
Namaz saıty - QMDB
  • Tań
  • Kún
  • Besіn
  • Ekіntі
  • Aqsham
  • Quptan

НАМАЗ ӘДЕПТЕРІ

03.04.2017 13616 0 пікір

НАМАЗ ӘДЕПТЕРІ:

 

1. Намаз кезінде сыртқы және ішкі көңіл жайланып, кішіпейілділікпен тұру.

2. Киіміне мән беру. Мысалы, түймелері ағытылмай қатардағы сарбаздай сәнді тұру.

3. Қаматта «Хаййа алал-фәлах» деген сәтте имам мен жамағаттың намаз үшін тұрулары.

4. «Қад қаматис-салаһ» (намаз басталды) деген кезде имамның намазды бастауы. Қамат айтылып жатқан кезде мешітке кірген адам дереу отырып, жамағатпен бірге тұрады.

5. Ерлер ифтитах (бастау) тәкбірін алған кезде, қолдарын жеңдерінің сыртына шығару.

6. Намазда мүмкіндігінше жөтелмеуге, кекірмеуге, есінемеуге тырысу және есіней қалса, аузын сол қолының сыртымен басу яки астыңғы ернін тістесе де ауызды ашпауға тырысу.

7. Жеке намаз оқыған кезде рүкүғ пен сәжде тәсбихтарын үштен артық оқу.