Сіздің қалаңыз:
Namaz saıty - QMDB
  • Tań
  • Kún
  • Besіn
  • Ekіntі
  • Aqsham
  • Quptan

НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ

03.04.2017 10936 0 пікір

НАМАЗДЫҢ УӘЖІПТЕРІ

Намаздың уәжіптері мыналар: 

  1. Фатиха сүресін оқу.
  2. Фатихадан кейін бір қысқа сүре немесе үш қысқа аят оқу.
  3. Фатиханы қосымша сүреден бұрын оқу.
  4. Парыз намаздың алғашқы екі рәкәғатында қырағат оқу.
  5. Намаз рүкіндерін асықпай, мұқият орындау.
  6. Бірінші отырыс.
  7. Бірінші, екінші отырыстарды тәшәһуд дұғасын оқу.
  8. Намаздан сәлем беріп шығу.
  9. Үтір намазында құнұт дұғасын оқу. 
  10. Айт намаздарында қосымша тәкбірлерді айту.
  11. Имамның таң, жұма, айт, тарауық, ақшам, құптан, үтір намаздарын дауыстап оқуы.
  12. Бесін мен екінтінің, ақшам мен құптанның соңғы екі рәкәғаттарын іштей оқу.

 

Уәжіптердің үкімі
Осы уәжіптердің біреуі әдейі тасталып кетсе қайтадан оқу қажет. Ал, егер ұмытып тастаса сәһу сәждесін жасайды.