Сіздің қалаңыз:
Namaz saıty - QMDB
  • Tań
  • Kún
  • Besіn
  • Ekіntі
  • Aqsham
  • Quptan

НАУҚАС АДАМДАР НАМАЗДАРЫН ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?

03.04.2017 12451 0 пікір
НАУҚАС АДАМДАР НАМАЗДАРЫН ҚАЛАЙ ОҚИДЫ?

Ақыл-есі дұрыс кісілер басқа жерлері науқас болса да діни міндеттерден – жауапты. Бірақ дініміз бұл діни парыздарды атқару үшін оларға жеңілдік көрсеткен.

Намаз оқудағы жеңілдіктер:

Науқас кісі әл-қуат, шама-шарқына қарай намазын оқиды. Мысалы, түрегеп тұра алмайтын, яки, тұрған жағдайда ауруының күшеюі сияқты жағдайларда, отырып, оған да күші жетпесе, ыңғайына қарай шалқайып немесе жанымен жатып намазын оқиды.

Намазын бір нәрсеге сүйеніп түрегеп тұрып оқи алатындар сүйеніп оқиды. Ифтитақ (ашу, бастау) тәкбірін түрегеп тұрып ала алатын болса, түрегеп тұрып алып, қалған намазын шамасына қарай отырып, яки, жатып жалғастырады.

 

Орындыққа отырып оқуға да болады.

Отырып оқыған уақытта мүмкін болса аяқтарын жиған күйде, мүмкін болмаса құбыла жаққа созып оқи береді. Рүкүғ және сәжде ишарат жолымен жасалады.

Ишарат: рүкүғда аздау, сәждеде көбірек басты ию арқылы жасалады. Ишаратпен де оқи алмайтындар көз, қас арқылы ишарат жасап оқи алады. Ишаратпен де оқи алмайтындар оқи алмаған намаздарының саны 5-тен аз болса кейіннен қаза етеді. Ал, 5-тен көп болса қазасын өтемейді. Әбу Ханифаның басқа бір пікіріне сүйенсек, кейіннен қазасын өтейді. Науқас адамның алдына сәжде етуі үшін тақтай, жастық, орындық сияқты нәрселер қойылмайды.